Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетуді ақтайтындарды қатты сынға алды Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін «Өзімнің жас кезімді есіме түсіремін»: Жазира Байырбекова келініне қандай ене екенін айтты Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО)

    Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды

    Алматы соты журналист Гүлнар Бажкенованы 8 жылға бас бостандығынан айырып, 88,1 млн теңге жымқыру және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша кінәлі деп таныды.

    Журналист Гүлнар Бажкенова 8 жылға сотталды

    Сурет: turkystan.kz

    Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сот мәліметінше, 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы желтоқсан аралығында Бажкенова қызметтік жағдайын пайдаланып, компания есепшоттарынан 88,1 млн теңгені жымқырған. Ол ақшаны жалған жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтерге ақы төлеу ретінде өз бақылауындағы жеке кәсіпкердің есепшотына аударған. Сондай-ақ ұлының халықаралық жекеменшік мектептегі оқу ақысын төлеген.

    Бұдан басқа, кәсіпкер ретінде тіркелмеген Бажкенова Алматыда пәтерлерді сатып алу-сату арқылы 121,2 млн теңге табыс тапқан, алайда тиісті салық төлемдерін төлемеген.

    Сондай-ақ 2024–2025 жылдары «О» ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы қызметін атқара отырып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы интернет пен әлеуметтік желілерде 8 эпизод бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны анықталған. Сот бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргенін атап өтті.

    Сот үкімімен Бажкенова кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы БАҚ, журналистика, блог жүргізу, жария іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызмет салаларында жұмыс істеуге, сондай-ақ БАҚ-қа қатысты ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

    14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.

    Сонымен бірге сот материалдық залалды өтеу үшін 95,9 млн теңге, 2,8 млн теңге мемлекеттік баж, сондай-ақ жәбірленуші тараптың заң көмегі мен процестік шығындары ретінде 6,8 млн теңге өндірді.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →