Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

    Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. BI Group мамандары ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға үндейді.

    Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

    Алматының құрылыс саласы қызметкерлері тұрғындарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға үндеді. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    BI Group мамандары күн сайын адал еңбегімен қаланың дамуына және заманауи тұрғын үйлердің салынуына үлес қосуда. Жаңа технологияларды қолданып, заманауи талаптарды ескере отырып, компания қызметкерлері сапалы жұмыс атқарып, ел игілігіне қызмет етуді басты міндеттерінің бірі деп санайды.

    Еңбек адамдары үшін отбасының берекесі, өзара сыйластық, елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың маңызы зор. Олар балаларының дамыған, қуатты әрі болашағы жарқын елде өскенін қалайды.

    «Бүгінде еліміз маңызды кезең алдында тұр. Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты шешімдер қабылданатын жауапты сәт. Сондықтан сайлаудан қалыс қалмай, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасау қажет», – дейді Алматы құрылысшылары.

    Олар барлық азаматтарды азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға белсенді қатысуға және елдің болашағына өз үлесін қосуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →