Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    «Денесі көгерген, тырнағының астында топырақ болған»: Меркіде көз жұмған Мәдинаның туыстары күйеуінен күдіктенеді

    «Денесі көгерген, тырнағының астында топырақ болған»: Меркіде көз жұмған Мәдинаның туыстары күйеуінен күдіктенеді

    Жамбыл облысының Меркі ауданында көз жұмған 19 жастағы Мәдинаның өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Марқұмның құрбысының айтуынша, Мәдина бұған дейін күйеуінің өзіне қол көтеретінін айтып, денесіндегі көгерген іздердің суреттерін жіберген. Қайғылы жағдайдың алдында да ол күйеуімен жанжалдасып, соққы көргенін жазған, кейін заттарын жинап, үйден кетуге және ажырасуға ниетті болған. Құрбысы марқұмның денесінде көптеген көгерген із болғанын, тіпті «денесінің сау-тамтығы қалмағанын» мәлімдеді, алайда бұл деректерге құқық қорғау органдары әзірге түпкілікті баға берген жоқ. Полиция Мәдинаның өліміне байланысты өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, тараптардың барлық уәжі мен іс үшін маңызды мәліметтер тексерілетінін хабарлады. Құзырлы орган тергеу аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

    Видео: @qazaqtynaruzhany

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →