Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты

    Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай сот процесі әлі жалғасатынын, апелляция, кассация және тергеушілерге қатысты сот болатынын мәлімдеді.

    Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты

    Сурет: turkystan.kz

    Қайтыс болған Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі видеода қарындасының ісі бойынша сот талқылауы әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оның сөзінше, алда апелляциялық және кассациялық сатылар, сондай-ақ тергеушілерге қатысты сот отырысы күтіп тұр. Сондықтан ол істі ақырына дейін жеткізетінін жеткізді.

    «Әлі апелляция, кассация, тергеушінің соты бар. Істі аяғына дейін жеткізген жоқпыз. Бұл – тек бастамасы», – деді Сұлтан Серікбай.

    Бұдан бөлек, ол осы уақытқа дейін қолдау білдірген жұртшылық пен мемлекеттік органдарға алғыс айтты. Сұлтан Серікбай прокуратура мен Ішкі істер министрлігін ерекше атап, Мемлекет басшысына да ризашылығын білдірген.

    Еске сала кетейік, Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша кінәлі деп таныды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →