Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

    Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер

    Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы Марат Абылайхан шахматтан спорт шеберіне үміткер атанып, әскери қызметте де осы өнерімен көзге түсуде.

    Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер

    Сурет: turkystan.kz

    Павлодар қаласындағы Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы жауынгер Марат Абылайхан – шахматтан спорт шеберіне үміткер. Астана қаласынан әскер қатарына шақырылған жас сарбаз жасөспірімдер арасындағы республикалық шахмат турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Марат шахматпен үшінші сыныптан бастап айналысады. Интеллектуалды ойынға деген қызығушылығы оны түрлі республикалық жарыстардың жеңіс тұғырына шығарып, бүгінде спорт шеберіне үміткер деңгейіне жеткізген.

    Әскери бөлімде де оның шахматтағы шеберлігі көпшілікті тәнті еткен. Қарулас сарбаздар арасында өткен бәсекелерде Маратқа шақ келер қарсылас табылмаған. Уақыт өте келе сержанттар мен офицерлер де жас шахматшымен ойнауға қызығушылық таныта бастаған.

    Жауынгерлік қызметтен бос уақытта шахмат ойнауға құмарбыз. Әр өңірден келген сарбаздар арасында кімнің мықты екенін байқап көрдік. Марат ешкімге дес берген жоқ. Оның қарсыласынан ұтылып жатқанын әлі көрмедім. Кейде өзім де одан фигуралардың қитұрқы жүрістерін үйретуін сұраймын. Жолдастарына құшағы айқара ашық Марат тақта үстіндегі тартысты ойын туралы кеңестерін айтудан жалыққан емес, – дейді қатардағы жауынгер Ерхат Ерназаров.

    Әскерге дейін Марат Астанадағы шахмат мектептерінің бірінде жаттықтырушы болып еңбек еткен. Ол жасөспірімдерге шахматтың қыр-сырын үйретіп қана қоймай, елордадағы кіші буын арасында түрлі турнирлер ұйымдастырған.

    Мақсатым – халықаралық деңгейдегі гроссмейстер атанып, Қазақстанның көк туын әлемдік ареналарда желбірету. Шахмат адамды сабырлыққа, терең ойлауға және қарсыластың әрекетін алдын ала болжауға үйретеді. Бұл қасиеттер әскери қызметте де аса маңызды, – дейді қатардағы жауынгер Марат Абылайхан.

    Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Павлодар қаласындағы түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік міндеттерді атқарады.

    «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →