Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

    «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді

    «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің Алматыдағы концертіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ол отандық және шетелдік өнер иелеріне қойылатын талаптардың әркелкі екенін айтып, бұл жағдайға наразылығын жеткізді.

    Продюсердің сөзінше, 19 мамырда өткен отандық шоу кезінде қауіпсіздік талаптарына байланысты отшашу қолдануға рұқсат берілмеген. Ал шетелдік жұлдыздың концерті кезінде мұндай талаптардың басқаша қарастырылғанына таңданысын білдірді.

    «19 мамырда біз әлемдік деңгейдегі шоу жасадық. Бірақ отшашуға үзілді-кесілді рұқсат бермеді. Сонда заң алдында бәрі тең болғанымен, біреулер “теңірек” болғаны ма? “Дау-дамай туындайды, қауіпсіздікке кепілдік жоқ” деді… Мұны қалай түсінуге болады? Қазақ әртістері екінші сорт па? Біздің шоуымыз бір бас жоғары болғанына қарамастан, бізге болмайды да, Канье Уэстке бола ма?! Бұл – біздің баяғыдан келе жатқан “комплексіміз”. Қонақтардың алдында ұятқа қалмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, ал өзімізге осы да жарай береді», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →