Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады

    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру саласы дамып келеді: 105 жобаға 775 млрд теңге инвестиция тартылып, 10,4 мың жұмыс орны ашылады.

    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады

    Сурет: ernur.kz

    Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде құрылыс материалдарын шығару маңызды салалардың бірі болып қала береді. Бұл бағыт ішкі нарықты қамтамасыз етіп, импортты алмастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Саланың дамуы ірі инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобалары үшін стратегиялық мәнге ие. Қазіргі уақытта отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70 пайыздан асып, 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жаңа өндіріс орындарын құру бойынша жүйелі шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Жыл басынан бері елімізде 19 өндіріс орны іске қосылды. Олар керамогранит плиткаларын, PIR сэндвич-панельдерін, ПВХ және алюминий фасадтарын, витраждар мен терезелерді, ALC-панельдерді, жылу оқшаулағыш минералды мақта плиталарын, бетон құбырларды, дәнекерленген қос таврлы арқалықтарды, профильді табақтарды және басқа да өнімдерді шығарады. Осы жобаларға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрап, 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

    Тағы 29 кәсіпорынды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін отандық құрылыс материалдары нарығының қажеттілігін 48 жаңа өндіріс орны қамтамасыз етеді деп күтілуде. Оларға шамамен 202,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Атап айтқанда, баспалдақтар, кәріз сақиналары, жылу трассаларының науалары, микрокальцит, модульдік жылыжай конструкциялары, жол құрылысына арналған топырақ тұрақтандырғышы, жасанды мәрмәр және басқа да өнімдер өндіріледі.

    Іске асыру кезеңінде жалпы құны 380 млрд теңге болатын тағы 28 жоба бар. Оларды 2027-2028 жылдары іске қосу жоспарлануда. Бұл 3,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде шамамен 1,6 мыңы ауылдық жерлерде орналасады. Кәсіпорындар жоғары технологиялық темірбетон модульдерін, металл конструкцияларын, фиброцемент панельдерін, санитарлық керамиканы, гипсокартонды, құрғақ құрылыс қоспаларын және басқа да өнімдерді шығаратын болады.

    Бұдан бөлек, әртүрлі пысықтау кезеңдерінде құны 192,7 млрд теңге болатын 29 жоба бар. Олардың қатарында көпір конструкцияларын, металл есіктерді, қабырғалық панельдерді, шыңдалған әйнекті, керамзит блоктарын, шыны оқшаулағыштарды, желілік-аспалы арматураны және басқа да өнімдерді өндіруге бағытталған жобалар бар. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

    «Жобаларды іске асыру отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге, құрылыс кешенінің импортқа тәуелділігін төмендетуге, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Барлығы биыл және алдағы жылдары іске асыру көзделген 105 жоба бойынша шамамен 775 млрд теңге инвестиция тартылып, 10,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, оның 5,7 мыңы ауылдарға тиесілі болады», – дейді QazIndustry жобаларды мониторингілеу және талдау дирекциясының басшысы Зәуре Нұрғалиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →