Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кристина Овчинникова Нагоядағы жеңіл атлетика жарысында күміс жүлде алды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • Кристина Овчинникова Нагоядағы жеңіл атлетика жарысында күміс жүлде алды • Доллар бағамы 440 теңгеден де төмен түсті • БҚО-да ер адам інісін өлтіріп, денесін туыстарымен бірге іздеген • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды •

    Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады

    Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады

    Фото: depositphotos.com

    Францияның Ла-Манш жағалауындағы Гравлин атом электр станциясында медузалардың көптеп келуіне байланысты үш реактордың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы BILD-ке сілтеме жасап.  Тағы бір реактор шектеулі режимде жұмыс істеп тұр.

    АЭС операторы EDF компаниясының мәліметінше, медузалар станцияға қажетті судың қалыпты берілуіне кедергі келтірген. Медузалармен байланысты жағдайлар бұған дейін де тіркелген болатын.

    Былтыр олар су айдау жүйелерінің сүзгілеріне жаппай түсіп, нәтижесінде реакторларды бірнеше күнге электр желісінен ажыратуға тура келген. EDF компаниясы бұл жолы медузалардың нақты қандай ақауға себеп болғаны туралы ашып айтпады. Компанияның мәлімдеуінше, оқиға станцияның қауіпсіздігіне, қызметкерлерге немесе қоршаған ортаға қауіп төндірмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →