Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Израиль елді мекендерін кеңейтуге ниетті

    Израиль елді мекендерін кеңейтуге ниетті

    Израиль Батыс жағалау мен Шығыс Иерусалим аумағында 8 мыңнан астам жаңа қоныс салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Осылайша, басып алған Палестина жерінде елді мекендерін кеңейтуге ниетті.  Біріккен Ұлттар Ұйымы осы мәселеге қатысты алаңдаушылық білдірді.

    Ұйымның ресми өкілі Рамиз Алакбаров Қауіпсіздік Кеңесінде бұл жоспар Палестина мемлекетін құру мүмкіндігін әлсіретіп, екі мемлекет қағидатына негізделген шешімге қауіп төндіретінін алға тартты. Израильдің Тұрғын үй құрылысы министрлігі С аймағында 2240 тұрғын үй салуға тендер жариялаған.

    Израиль Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл ұстанымын қабылдамай, «бейбітшілікке басты кедергі елді мекендер емес, бейбіт келісімге дайын палестиналық тараптың болмауы», — деп мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →