Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды •

    Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды

    Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды

    Фото: видеодан скрин

    Астанада 30 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты бірнеше полиция қызметкері жұмыстан шығарылып, бірқатары тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұған дейін елордадағы тұрғын үй ауласындағы автотұрақта ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтіргені хабарланған еді. Күдікті оқиға орнынан ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.

    Қайғылы жағдайдан кейін ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұм әйелдің полицияға бұған дейін жасаған арыздарына байланысты қызметкерлердің әрекетіне қызметтік тексеру жүргізген.

    Тексеру қорытындысы бойынша төрт полиция қызметкері теріс себептермен жұмыстан босатылған. Олардың қатарында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының тергеушісі мен учаскелік инспекторы, сондай-ақ Нұра аудандық полиция басқармасының екі учаскелік инспекторы бар.

    Сонымен қатар екі аудандық полиция басқармасының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарларының бірі қызметінен босатылған. Полиция департаментінің бастығы мен тағы бір орынбасарына қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

    Полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне салғырт қарауына байланысты қылмыстық іс те қозғалған. Тергеу аясында бұрын полицияда қызмет еткен төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі бойынша, яғни қызметке салғырт қарау дерегі бойынша айып тағылып отыр.

    ІІМ мәліметінше, қаза болған әйел бұған дейін полицияға бірнеше рет жүгінген. Ол бұрынғы күйеуінің өзін ұрып-соққанын, қорқытқанын және зорлағанын айтқан. Қайғылы оқиғадан шамамен екі апта бұрын әйел ер адамның пышақпен қорқытқаны туралы да полицияға арызданған.

    Қазір тергеу барысында полиция қызметкерлерінің әйелдің арыздарына қаншалықты уақытылы әрекет еткені және олардың әрекеті не әрекетсіздігі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берген-бермегені анықталады.

    Іс Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →