Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Продюсер келіні үй қызметкерінің қашып кеткенін айтып берді

    Гүлзира Айдарбекованың келіні Индира Мәуленова үй қызметкерінің қашып кеткенін, отбасының 4 мың доллар жоғалтқанын айтып берді.

    Продюсер келіні үй қызметкерінің қашып кеткенін айтып берді

    Сурет: sn.kz

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні, Заңғар Нұртастың жары Индира Мәуленова үйінде болған келеңсіз жағдай туралы әлеуметтік желіде айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Индираның айтуынша, отбасы филиппиндік үй қызметкерін арнайы агенттік арқылы жұмысқа қабылдаған. Алайда біраз уақыт өткен соң бала күтушісі үйден қашып кеткен. Ол кетер алдында үйді тінтіп, агенттікке тапсырылған төлқұжатын тауып алған. Сонымен қатар үйдегі ақша мен кейбір заттарды өзімен бірге алып кеткен.

    Отбасы қызметкерді жалдау үшін агенттікке 4 мың доллар төлеген. «Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспортын және менің жиналған ақшамды алып қашып кеткен», – деді ол.

    Оқиғадан кейін Индира үйге қызметкер таңдағанда барынша мұқият болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →