Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? «Ақ періштем, мәңгі сағынышым»: Әнші Наркенже Серікбаева әсерлі жазба жариялады «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма?

    «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

    «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

    Фото: Жеке парақшасынан

    Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің жетістікке жету жолы туралы айтып, табысты болуының құпиясын ашты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Өнер саласында 28 жыл еңбек еткен актриса өзінің «тез байып кеткені» туралы пікірлермен келіспейтінін айтты.

    «Бадықова тез байып кетті деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, “дұрыс па, бұрыс па” деп қорыққан кездерім болды», – дейді Дариға Бадықова.

    Актриса табысқа жетуде адалдық пен еңбектің маңызы зор екенін атап өтті. Ол өзінің бүгінгі деңгейге біреудің көмегімен емес, өз еңбегінің арқасында жеткенін айтты.

    «Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – дейді актриса.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →