Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты «Қорғансыз күндерім болды»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты

    Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты

    Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты

    Фото: pixobay

    Павлодарда Қаныш Сәтбаев атындағы каналға шомылуға барған 1987 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болған. Жедел-құтқару жасағының мамандары екі арнайы техника көмегімен ер адамның денесін судан алып шықты.

    Құтқарушылар Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың техникалық гидротехникалық нысан екенін және онда шомылуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

    ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →