Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 8 тамыз 2026 $ 469,2 540,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты Жүк көліктерінің жүргізушілері Ақтөбе-Орск шекарасында үш күн кезекте тұрғанын айтты Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам ажал құшты Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті Атырау облысындағы мұнай нысандарының әуе қорғанысы құпия ма? Ақсу қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тексеру талабы: заңды негіз бар ма? Алтынай Жорабаева көзіне жасатқан косметикалық ота туралы айтты Жүк көліктерінің жүргізушілері Ақтөбе-Орск шекарасында үш күн кезекте тұрғанын айтты

    Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті

    Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы  айыпталушыдан 10 млрд теңге өтемақы талап етті

    Фото: Ашық дереккөз

    Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасы сотталушыдан материалдық әрі моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллиард теңгеден астам өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    7 тамызда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасты. Шымкенттегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап азаматтық талап арыз түсірді. Адвокат Аянхан Омаровтың айтуынша, қыздың қазасынан кейін оның отбасы жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға, діни жөн-жоралғылар мен қырқы асын өткізуге, құлпытас орнатуға, сондай-ақ тергеу амалдары мен сот отырыстарына қатысу үшін жол жүруге қомақты қаражат жұмсаған.

    Материалдық шығынның жалпы сомасы — 14 миллион 739 мың 65 теңге.

    Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап қойылды. Адвокат ешбір ақша Нұрайды қайтарып бере алмайтынын, алайда заңнамада мұндай төлем қарастырылғанын атап өтті.

    «Қылмыстың ауырлығын, оның орны толмас зардаптарын, жәбірленушілердің өмір бойғы рухани азабын және әділдік қағидатын ескере отырып, біз моральдық зиянның өтемі ретінде 10 миллиард теңге өндіріп алуды сұраймыз», – деді Аянхан Омаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →