Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді «Көңілімде жүрген адам бар»: Танымал актер қашан үйленетінін айтты Алматыда жүлде қоры 10,5 млн теңге болатын республикалық суретшілер байқауы жарияланды Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді Білім гранты иегерлерінің тізімі жария болды BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды? Жоқ жылуға ақша өндіру: Ақтау тұрғыны заңсыз төлем талап еткендерге наразылық білдірді

    BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды?

    BI Group-тың «төбесінен су сорғалаған» сапасы: Әкімдік кімді жақтайды?

    Фото: видеодан скрин

    Еліміздің бас қаласы Астана мен Алматыдағы су тасқыны мәселесі тек көшелерде емес, элиталы тұрғын үй кешендерінің ішіне де еніп кетті. Әлеуметтік желілерде соңғы екі күнде бірден үш тұрғын үй кешенінен су басу туралы бейнежазбалар тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Мәселен, Астанадағы «Bazis» компаниясы салған «Grand Monaco» кешенінде көшедегі су паркингке еркін ағып жатыр, деп хабарлайды тұрғындар. Ал ең қызығы – BI Group салған «Арнау» тұрғын үй кешенінде су төбеден сорғалап тұр, бұл құрылыс сапасының деңгейін айқын көрсетеді. Алматыдағы «Алтын Бұлақ-2» кешенінде де канализация бітеліп, кеңселер мен дүкендер су астында қалып, кәсіпкерлер шығынға батуда. Халықтың мүлкі құрдымға кетіп жатқанда, құрылыс алпауыттары мен жергілікті әкімдік бұл мәселені шешуге асығар емес. Сапасыз үйлерді қолданысқа қабылдаған шенеуніктер мен құрылысшылардың жауапкершілігі қайда? Тұрғындар өз құқықтарын кімнен қорғауды білмей отыр.

    Видео: @syrmedia.news

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →