Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте үш жасар бала көз жұмды

    Шымкентте үш жасар бала көз жұмды

    Фото: pexels.com

    Шымкентте бүлдіршіннің өліміне әкелген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Нұрсәт шағынауданында болған.

    – 2023 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кеткен. Алған жарақатынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

    Ведомствоның хабарлауынша, биыл Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Салдарынан 4 бала көз жұмып, 5-еуі түрлі дәрежеде жарақаттанған.

    Департамент өкілдері ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

    Еске салайық, өткен жылы Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 5 оқиға тіркелген. Салдарынан 3 бала қаза тауып, 2-еуі жарақаттанған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →