Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 5 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркияда төрт жасар бала көлік ішінде аптап ыстықтан қаза тапты

    Түркияның Мардин провинциясында төрт жасар Мұхаммед Арас Темел көлік салонында қапырықтан көз жұмды. Оқиға 2 тамызда болды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.

    Түркияда төрт жасар бала көлік ішінде аптап ыстықтан қаза тапты

    Сурет: sn.kz

    Түркияның Мардин провинциясында төрт жасар Мұхаммед Арас Темел көлік салонында қапырықтан көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қайғылы жағдай 2 тамызда Мазидаги ауданында болған. Кішкентай бала ата-анасының көлігінің ашық есігінен ішке кіріп, ұйықтап қалған. Ата-анасы ұлының жоғалғанын байқап, іздеуге шыққан. Олар баланы тапқанда, оның денесі ыстықтан жанып, құрысу басталған.

    Отбасы мүшелері баланы алдымен Мазидаги мемлекеттік ауруханасына жеткізген. Кейін ол Мардин оқу-зерттеу ауруханасына ауыстырылғанымен, дәрігерлердің күш-жігері нәтиже бермеген.

    Алдын ала деректерге сүйенсек, сол күні Мардинде ауа температурасы 40 градусқа жеткен. Сарапшылардың пікірінше, күн астында тұрған көлік салоны бірнеше минут ішінде адам өміріне қауіпті деңгейге дейін қызады. Балалардың ағзасы ересектерге қарағанда әлдеқайда тез қызатынын ескеру қажет.

    Марқұмның денесі өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    Бұл жазда мұндай оқиғалар Франция мен АҚШ-та да тіркелді. Мамандар балаларды жабық көлікте ешқашан жалғыз қалдырмауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →