Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Рахат Сәрсеновтің даулы ісі: журналист Руслан Өтепбай тергеу бастады Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылуында сөз сөйледі Айгүл Иманбаева сіңлісі Райханның ұзату тойын жариялады Астанадағы Нұрлы жол вокзалында кондиционерлер істемей жатыр Рахат Сәрсеновтің даулы ісі: журналист Руслан Өтепбай тергеу бастады Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады

    Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады

    Астана әкімдігі транзиттік ірі жүк көліктерінің қала арқылы өтуіне тыйым салды. Енді олар тек айналма жолды пайдалана алады. Жеңіл көліктерге ешқандай шектеу жоқ.

    Астана арқылы транзиттік ірі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады

    Сурет: inbusiness.kz

    Астана қаласы арқылы транзитпен жүретін ірі жүк көліктеріне тыйым салынбақ. Қала әкімдігі бекіткен жаңа қозғалыс ережелеріне сәйкес, елорда арқылы өтетін жүк көліктері тек айналма жолды пайдалана алады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әкімдік қаулысында транзиттік ірі жүк автомобильдерінің қозғалысы тек «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолымен ғана рұқсат етілетіні белгіленген. Мұндай көліктердің қала көшелерімен транзиттік өтуіне тыйым салынады.

    Бұл ретте жеңіл көлік иелері үшін ештеңе өзгермейді. Құжатта жеңіл көлікке қосымша шектеулер енгізілмейтіні және елорда арқылы транзиттік жүру еркін қалатыны жеке атап көрсетілген.

    Қаулы Қазақстан Республикасының «Астана қаласының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы негізінде қабылданған. Оның орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. К. Отебаевқа жүктелген, ал жаңа қозғалыс схемасын ұйымдастыруды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүзеге асырады.

    Астана билігі ірі жүк көліктерінің қозғалысын бұған дейін де шектеп келген. Бұрын мұндай шаралар жаз мезгілінде жол төсемінің деформациясынан қорғау үшін немесе күндізгі уақытта, сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қолданылған еді. Енді транзиттік жүк көліктерін айналма жолға бағыттау тұрақты негізде бекітілді.

    Әкімдік бұл шаралар елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтады, асфальттың тозуын және ойықтардың пайда болуын төмендетеді, сондай-ақ ірі көлемді көліктер туғызатын кептелістерді қысқартады деп санайды.

    Қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Осы уақыт ішінде логистикалық компаниялар мен тасымалдаушылар өз маршруттарын қаланы айналып өтетін бағытқа бейімдей алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →