Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Перудағы Наска геоглифтерінің жанында ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

    Перудағы Наска үстіртінде еуропалық туристері бар ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Борттағылардың ешқайсысы тірі қалмады, тергеу басталды.

    Перудағы Наска геоглифтерінің жанында ұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

    Сурет: tengrinews.kz

    Перудағы Наска үстіртіндегі көне геоглифтердің жанында еуропалық туристері бар ұшақ апатқа ұшырады. 13 адам қаза тапты. Әуе апатының мән-жайы тексерілуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ұшақ Пискодағы халықаралық әуежайдан 11 жолаушымен және екі экипаж мүшесімен ұшып шыққан. Борттағылардың ешқайсысы тірі қалмады.

    Кішкентай ұшақ бортында Германия, Испания және Италия туристері болған.

    Aerodiana компаниясының Cessna Caravan ұшағы Наска сызықтарының үстімен дәстүрлі туристік рейс жасаған. Наска линиялары елдің басты археологиялық көрікті жерлерінің бірі саналады.

    Әуе оқиғасын тергеуді прокуратура мен авиация мамандары жүргізіп жатыр. Aerodiana компаниясы тиісті органдармен ынтымақтасып, тергеу үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатынын мәлімдеді.

    Бұған дейін Грецияда өрт сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысып, екі адам қаза тапқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →