Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады

    Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталды. Анасы Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрап, ұлының халықаралық алаяқтық схеманың құрбаны болғанын айтады.

    Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы көмек сұрады

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Грекияда 125 жылға сотталған қазақстандық жігіттің анасы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрхан Қадырова екі жылға жуық уақыттан бері түрмеде отырған ұлы Рашид Қадировке көмек көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, 24 жастағы жас жігіт әлеуметтік желіде орналасқан жұмыс туралы хабарландыруға сеніп, Түркияға кеткен. Алайда кейін ол заңсыз мигранттарды тасымалдау ісі бойынша айыпталып, 125 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Нұрхан Қадырованың сөзінше, ұлы интернет арқылы адамдарды алдап, заңсыз іске тартатын халықаралық схеманың құрбаны болған. Ол ұлының отбасына ешқандай ақпарат бермей, Қазақстаннан кеткенін, ал біраз уақыт өткен соң бейтаныс нөмірден хабарласып, Грекия түрмесінде отырғанын айтқанын жеткізді.

    Анасының айтуынша, Рашидке Түркияда туристерді моторлы қайықпен серуендетуге байланысты жұмыс ұсынылған. Жұмыс берушілер оның жолақысын төлеп берген. Кейін белгілі болғандай, бұл шын мәнінде заңсыз мигранттарды тасымалдау екен.

    Әйелдің сөзінше, тергеу кезінде ұлы шет тілін білмегендіктен, толыққанды тілдік қолдаусыз қалған. Оған құжаттарға қол қоюды ұсынған, ал қол қоймаған жағдайда жаза мерзімі ұзаруы мүмкін екенін ескерткен. Соның нәтижесінде сот жігітке 125 жыл бас бостандығынан айыру жазасын және шамамен 1 миллиард теңгеге тең айыппұл тағайындаған.

    Нұрхан Қадырова ұлының заңсыз мигранттарды тасымалдауды ұйымдастырмағанын, тек үйлестірушілердің тапсырмасын орындағанын және бүкіл схеманы бақыламағанын айтады.

    Қазіргі таңда жігіт жаңа сот процесін күтіп отыр, деп қосады ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →