Қостанай облысында мүгедектігі бар жасөспірім қайтыс болды
Қостанай облысында 28 шілдеде мүгедектігі бар жасөспірімнің жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Полиция оқиғаның мән-жайларын анықтап, тексеру жүргізіп жатыр.
Сурет: azh.kz
Қостанай облысында 28 шілдеде мүгедектігі бар жасөспірімнің жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қоғам белсенділері мекеме қызметкерлеріне сілтеме жасап, баланың жағдайы орталықтағы қатты ыстық пен тұншықтырғыш ауа салдарынан нашарлаған болуы мүмкін екенін айтты. Нақты өлім себебі әзірге анықталмаған — оны медициналық зерттеу қорытындылары белгілейді.

Қостанай облысы полиция департаменті жасөспірімнің қайтыс болғанын растады. Құқық қорғау органдары қажетті процестік іс-әрекеттерді жүргізіп жатыр.
Тексеру аяқталған соң оқиғаның мән-жайларына заңдық баға беріліп, процестік шешім қабылданады.
