Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Балалардың арманына қанат бітіретін жобалар: Алматы облысында жаңа өнер мектептері ашылады Түлкібаста 5 баланың әкесін ауылдастары пышақтап тастаған Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды (ВИДЕО) Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты Маңғыстау облысындағы жол апаты: Әкесі қаза тауып, 4 баласы жарақат алды Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді Балалардың арманына қанат бітіретін жобалар: Алматы облысында жаңа өнер мектептері ашылады Түлкібаста 5 баланың әкесін ауылдастары пышақтап тастаған Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды (ВИДЕО)

    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысып, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа алғыс айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа бейресми кездесуді ұйымдастырып, жылы қарсы алғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

    – Қырғыз халқы – қазақ халқы үшін бауырлас ел. Біз бәріміз – бір туған ағайын халықпыз. Біздің арамызда қалыптасқан достық, сенім, туысқандық және өзара қолдау – ата-бабамыздан өсиет болып қалған қасиетті аманат әрі мәңгі құндылық. Қазіргі таңда біз Қырғызстанның қарқынды дамуына куә болып отырмыз. Сіздер қол жеткізіп жатқан әр жетістікке шын жүректен қуанамыз. Қырғыз елінің өсіп-өркендеуі – Орталық Азияның тұрақтылығы мен баянды дамуының маңызды кепілі. Бұл құрметті Президент Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың табанды еңбегі мен көреген басшылығының арқасы екені сөзсіз, – деді Қазақстан Президенті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кездесу қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, сан қырлы серіктестіктің алдағы басымдықтарын айқындауға мол мүмкіндік беретініне тоқталды.

    – Барлық деңгейдегі байланыстың жандануы бауырлас халықтарымыздың игілігі мен тұтас аймақтың өркендеуі жолында мемлекеттеріміздің жасампаз ықпалдастыққа ортақ ұмтылысын айқын көрсетеді. Бұл орайда «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа» қол қою рәсімдерінің аяқталуы айтулы жетістік болды. Аталған тарихи құжат стратегиялық серіктестігіміздегі жаңа кезеңнің басталғанын айшықтайды. Өзара сенімге, құрметке және бауырлас халықтарымыздың болашағына деген ортақ жауапкершілікке негізделген өңірлік ынтымақтастықтың «саяси арқауын» қалыптастырады, – деді Қазақстан Президенті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →