Тамара Асардың ұлы Қамбар сүйіктісімен фотосын бөлісті
Әнші Тамара Асардың ұлы Қамбар сүйіктісімен фотосын жариялады. Желі қолданушылары бақыт тілеп, көптеп пікір жазды.
Сурет: sn.kz
Әнші Тамара Асардың ұлы Қамбар өзінің сүйіктісімен бірге түскен суретін желіде жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қамбар жеке парақшасында болашақ жарының суретін бөліскен соң, желі қолданушылары көптеп пікір жазды. «Тамара Асар апамның ауылында бұйырса той екен ғой. Бақытты болыңдар, ақ Қамбар», «Тамара, дайындай құдағи боласың», «Бақыт тыныштықты сүйеді, әзірге жасыра тұр», – деп тілектерін білдірді олар.
Айта кетейік, Қамбар Тамара Асардың бірінші некесінен туған ұлы. Әншінің екінші күйеуінен Ажар есімді қызы бар.
