Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 31 шілде 2026 $ 475,4 544,6 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Сазгер Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбділданың әніне баға берді

    Сазгер Ұлықпан Жолдасов блогер Мұрат Әбділданың шығармашылығын жоғары бағалап, оның әні мен сөзін өзі жазатынын, әдемі әндері бар екенін айтты. Сондай-ақ, үш әніне аранжировка жасауға уәде берді.

    Сазгер Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбділданың әніне баға берді

    Сурет: alash.kz

    Отандық сазгер Ұлықпан Жолдасов жақында бас бостандығына шыққан блогер Мұрат Әбділданың шығармашылығы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Видеода ол Мұрат Әбділда жіберген әнді тыңдап отыр. Сазгердің айтуынша, ол өзіне ән жіберіпті. «Мұрат інім маған осылай ән салып жіберді. Әні де, сөзі де қатты ұнады», – дейді Ұлықпан Жолдасов. Ол бұдан бұрын Cover show жобасында «Шағала» әнінің сөзін өзгертіп айтқанын еске алып, бұл әннің өзіне көмек болғанын атап өтті. «Мен Мұрат үйіне аман-есен оралып жатса, бір-бірімізді тауып алып, үш әннің аранжировкасын түгел жасап беремін деп өзіме уәде бергенмін, оған да айтқанмын», – деді ол. Аранжировканы Азамат есімді жігіт дайындаған, Ринат та қатысқан. Аспаптар мен идеяны бірге талқылап, әнді әзірлеген.

    Сазгер көпшілікке әннің дайын нұсқасын тыңдатты. Осы орайда ол Мұрат Әбділдәнің шығармашылығы жайлы пікірін де білдірді. «Мұраттың жалпы шығармашылығы әдемі. Әнін де, сөзін де өзі жазады. Сөзіне біраз ақын мін айтуы мүмкін, бірақ қарапайым халыққа жақсы өтетіндей сөздер жазған. Әні де тым жақсы, біздің ойымызға келмейтін дүниелерді жазған. Мен өзім де ән шығарамын ғой, бірақ әндері өте әдемі. Өзі мықты әнші болмаса да, өз әнін мықты жеткізіп береді. Сәттілік тілейміз. Мұрат, алға», – деп түйіндеді Ұлықпан Жолдасов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →