Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр?

    Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр?

    Фото: видеодан скрин

    Жамбыл облысы Байзақ ауданында бюджет қаражатына салынған нысандардың сапасы жергілікті халық пен желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызып отыр. Елді дүрліктірген бұл жағдайда жұртшылық сапасыз құрылыс жүргізген мердігерлер мен оны қабылдап алған техникалық қадағалау өкілдерінің жауапкершілігін қатаң тексеруді талап етуде. 

    Қоғам белсенділерінің айтуынша, миллиондаған қаржы талан-таражға түссе де, жауапты тұлғаларға қылмыстық іс қозғалмай, тек кемшілікті қайта жөндеумен құтылып келеді. Осыған байланысты белсенділер бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуы мен заң бұзушылық белгілеріне жан-жақты құқықтық сараптама жүргізу қажеттігін алға тартуда. Алайда, бұл шулы мәселе бойынша құзырлы органдар тарапынан әлі күнге дейін нақты процессуалдық шешім қабылданғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Байзақ ауданындағы жағдайға байланысты құзырлы мекемелерден ресми түсініктеме күтілуде.

    Видео: @baspacoz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →