Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам
Лондондық «Челси» бапкері Хаби Алонсо Дастан Сатпаевты жоғары бағалап, оны күшті әрі жылдам ойыншы деп сипаттады. Сатпаев алтыншы минутта гол соқты. Жолдастық кездесу 6:4 есебімен аяқталды.
Лондондық «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо жолдастық кездесуде австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасын 6:4 есебімен жеңгеннен кейін қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді. 17 жасар футболшы алтыншы минутта есеп ашқан болатын. Испаниялық маман жас ойыншының ерекше қабілеттеріне тоқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
«Мен Дастанды өткен жылдан бері, Алматыдан білемін. Оның ерекше ойыншы екені көрініп тұр. Ол қарсылас қақпасына қауіп төндіреді, флангтан ығысып, орталық шабуылшының жанындағы кеңістікке өте жақсы шабуыл жасайды. Бұл оның клубтағы алғашқы тәжірибесі және ол өзін жақсы жағынан көрсетті», — деп атап өтті Алонсо.
Сатпаевтың Англия Премьер-лигасына физикалық дайындығы жеткілікті ме деген сұраққа бапкер қысқа қайырды: «Ол өте күшті және өте жылдам. Сіздер оған шынымен де таңғаласыздар».
Айта кетейік, кездесуде Сатпаевтан бөлек, лондондық клуб сапында Дариу Эссугу, Джейми Гиттенс және хет-трик авторы атанған Жоау Педру да гол соқты.
