Алтынай Жорабаева екінші қызын ұзатты
Әнші Алтынай Жорабаева екінші қызын ұзатты. Ол әлеуметтік желіде құдаларды қарсы алған бейнежазбасын жариялап, екі жасқа бақыт тіледі.
Сурет: aikyn.kz
Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Өнер иесі екінші қызын ұзатып, әлеуметтік желіде құдаларды қарсы алып жатқан бейнежазбаны жариялады. Ол былай деп жазды: «Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин! Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін».
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, пікір жазып жатыр.
