Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде

    Қызылтөбе ауылынан 13 жерлес Ақтөбеде әскери қызметін бірге өтуде. Олар Әуе қорғанысы күштерінің Кіші авиациялық мамандықтар даярлау орталығында жеті мамандықты меңгеріп, сертификат алады.

    Қызылтөбелік 13 жерлес Ақтөбеде бірге әскери қызмет өтуде

    Сурет: tengrinews.kz

    Қызылтөбе ауылынан шақырылған 13 жерлес Ақтөбеде мерзімді әскери қызметін бірге өтуде, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазір жас сарбаздар Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының Кіші авиациялық мамандықтар даярлау орталығында оқып жатыр. Мұнда жауынгерлер жеті әскери-техникалық мамандықты меңгеруі тиіс. Бұл – аэродром техникасын пайдалану және оған қызмет көрсету, түрлі жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

    Кіші авиациялық мамандықтар даярлау оқу-әдістемелік орталығының бастығы Жаслан Мулдагазин: «Қызылтөбеден келген сарбаздар тек жағымды жағынан көрініп жүр. Олар түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда. Оқу аяқталғаннан кейін әрқайсысы сертификат алып, Әуе қорғанысы күштерінің әскери базаларына жіберіледі, онда қызметін жалғастырады», — деді.

    Қатардағы жауынгер Жасулан Наурызбаев: «Таяуда ғана біз бірге футбол ойнап, бала кезімізден қатар өстік. Ал бүгін Отан алдындағы борышымызды өтеп жатырмыз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, барлық істе көмектесіп, осы маңызды кезеңді бірге өткізіп жатырмыз. Осының арқасында қызмет жеңіл әрі қызықты өтуде», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →