Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге Шоқан Уәлиханов пен Достоевскийдің суреті салынған картина сыйға тартты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыдағы аймақаралық форум барысында Ресей Президенті Владимир Путинге Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картина сыйлады.
Сурет: tengrinews.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге символдық сыйлық – Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский бейнеленген картинаны табыс етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXII аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысуда. Бұған дейін ол Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Форумнан кейін Тоқаев пен Путинге сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды.
