Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей Президентімен кездесуде Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды және оның табиғаты күрделі екенін атап өтті.
Сурет: ult.kz
Омбыда өткен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Ол бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке толық түсініксіз екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
«Мен ең басынан-ақ бұл мемлекетаралық қақтығыс екенін айтып келемін. Бұл – мемлекетаралық қақтығыс. Мұнда қандай да бір азаматтық соғыс туралы сөз болып отырған жоқ. Біз әрдайым украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне құрметпен қарадық. Бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, оның ішінде бізге де толық түсінікті емес деп есептеймін», – деді президент.
Мемлекет басшысы мысал ретінде Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты келтіріп, оның тарихи себептері мен шығу тегі айқын болғанын атап өтті. Ал Украинадағы жағдай, оның айтуынша, әлдеқайда күрделі көрінеді.
