Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 26 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

    Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып, өңіраралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сауда көлемі 28 миллиард долларға жетті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты. Іс-шара «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: ресей-қазақстандық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы сөз басында Ресей Президенті мен Омбы облысы әкімшілігіне Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлерін, оның ішінде Екінші Беларусь майданы құрамында Польша аумағында ауыр жарақат алған әкесі Кемель Тоқаевты еске алудағы қамқорлығы үшін алғыс білдірді.

    Сонымен қатар, ол өңірлердің практикалық өзара іс-қимылы екіжақты күн тәртібін нақты мазмұнмен байытып, қазақстан-ресей ынтымақтастығының дамуына күшті серпін беретінін атап өтті.

    «Біздің мемлекеттеріміз арасындағы қатынастар теңдессіз жоғары деңгейге жетті. Бұл – мемлекет басшыларының да, үкіметтердің де, жергілікті аймақтық биліктердің де, әрине, екі ел парламенттерінің де үлкен күш-жігерінің нәтижесі. Менің өткен жылдың қарашасында Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым және Президент Владимир Путиннің ағымдағы жылдың мамырында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары осы тұрғыдан тарихи болды. Осы сапарлардың қорытындысы бойынша қол қойылған Мемлекетаралық қатынастардың жаңа деңгейдегі стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа өту туралы Декларация және Достық пен көршіліктің жеті негізі туралы Бірлескен мәлімдеме біздің елдеріміздің шығармашылық ынтымақтастығы мен бірлескен прогрессінің ондаған жылдарға арналған жаңа қуатты іргетасын қалады. Сеніммен айтуға болады, Қазақстан мен Ресейдің қатынастары барлық негізгі бағыттар бойынша сәтті дамып келеді. Ресей – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 28 миллиард долларға жақындады. Ортақ күш-жігердің арқасында бұл көрсеткіш тұрақты өсіп келеді: ағымдағы жылдың алғашқы бес айында өзара сауда көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға жуық өсті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →