Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 475,4 540,8 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Шетелдік ата-ана тәрбиесінде өскен Жәнібек анасын іздеуді жалғастыруда

    Шетелдік ата-ана тәрбиесінде өскен Жәнібек биологиялық анасын іздеуді жалғастырып, Deep Dive Dubai-ге шақырылғанын хабарлады.

    Шетелдік ата-ана тәрбиесінде өскен Жәнібек анасын іздеуді жалғастыруда

    Сурет: dalanews.kz

    Әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасаған Жәнібек биологиялық анасын іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ол жазбасында көпшілікке жылы лебізін білдіріп, жазғы демалыстары мен алдағы жоспарлары туралы сұрады. Сондай-ақ 2025 жылдың желтоқсанында әлемдегі ең танымал әрі терең жабық дайвинг бассейндерінің бірі – Deep Dive Dubai орталығына шақырылғанын айтты.

    «Егер араларыңызда ол жерге баруды жоспарлап, жеңілдік кодын пайдаланғысы келетіндер болса, қуана көмектесемін», – деп жазды Жәнібек.

    Ол алдағы уақытта әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әрі қызықты жарияланымдарын бөлісетінін айтты. Сонымен қатар Жәнібек биологиялық анасын іздеуді тоқтатпағанын атап өтті. Оның айтуынша, көпшілікке жариялауға болатын жаңа деректер пайда болған жағдайда, бұл туралы оқырмандарына міндетті түрде хабарлайды.

    «Биологиялық анамды іздеуім әлі де жалғасып жатыр. Егер бөлісуге болатын жаңа ақпарат пайда болса, сол туралы да міндетті түрде жариялаймын. Баршаңызға тамаша жаз тілеймін», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →