Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді Алматы облысында бала көлік астына түсіп, мерт болды Мессидің трансферіне кедергі келтірген кім? Үкіметте «Таза Қазақстан» аясындағы Президент тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты

    Ақмола облысында ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде 18 жастағы жігітті ток соғып, көз жұмды. Онымен бірге болған кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілде күні Көкшетау қалалық полиция басқармасында 2008 жылы туған жас жігіттің электр тогынан қаза болу дерегі тіркелген.

    – Алдын ала мәлімет бойынша, Тәшенов көшесіндегі ғимараттың қасбетін бөлшектеу кезінде металл профиль электр беру желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан жас жігіт өте ауыр электр жарақатын алды. Оның жанында болған кәмелетке толмаған жасөспірім де электр жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ведомство.

    Оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    – Тергеу нәтижесі бойынша барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Заңда көзделген негіздер болған жағдайда кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады, – деп мәлімдеді полиция.

    Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екінші зардап шеккен жасөспірім көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

    – Науқастың жағдайы тұрақты. Өміріне тікелей қауіп жоқ. Ол бірнеше сағат жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр, – деді дәрігерлер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →