Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 25 шілде 2026 $ 466,9 531,2 5,96
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Алматы тұрғыны Іле өзенінен тапқан ұрланған мылтықты полицияға хабарламаған Сауд Арабиясының Ходейдаға соққысы шиеленісті күшейтті Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтетін Қазақстан-Ресей форумына қатысады «Үйде анасы болған»: Астанада 7 жастағы бала терезеден құлап қайтыс болды Вена маңындағы шлюзге круиздік лайнер соғылып, 14 адам жарақат алды Алматы тұрғыны Іле өзенінен тапқан ұрланған мылтықты полицияға хабарламаған Сауд Арабиясының Ходейдаға соққысы шиеленісті күшейтті

    Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген

    Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі ер адам өз анасын пышақтап өлтірген

    Фото: pixabay

    Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азамат өз анасын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бейресми ақпараттарға сәйкес, күдікті шамамен 40 жаста және оған бала кезінен церебралды сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға олардың өз үйінде болған. Азамат туған анасына бірнеше рет пышақ жарақатын салып, әйел оқиға орнында көз жұмған.

    Қазіргі уақытта мұндай қадамға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға дейін анасы ұлымен бірге тұрып келгені айтылады.

    Түркістан облыстық полиция департаменті аталған деректі растады.

    «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →