Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Алакөлде гидроциклмен қауіпті маневр жасаған жас жігіт жауапқа тартылды

    Алакөл көлінде гидроциклмен қауіпті маневр жасаған 23 жастағы жігіт полиция және құтқарушылармен бірлескен рейд барысында анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Алакөлде гидроциклмен қауіпті маневр жасаған жас жігіт жауапқа тартылды

    Сурет: tengrinews.kz

    Алакөл көлінде жас жігіт гидроциклмен өзіне және айналасындағыларға қауіпті маневрлер жасаған. Куәгерлер бұл көріністі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, полиция мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментін (ТЖД) атап өткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Видео авторын жас жігіттің судағы мінез-құлқы ашуландырған. Ол жақында болған гидроцикл оқиғасын еске салып, онда бір адам қаза тауып, екіншісі ауруханаға түскенін айтқан.

    Полиция мен құтқарушылар бірлескен рейд барысында су көлігінің иесі мен қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтаған.

    «Кезекті рейд барысында полицейлер 23 жастағы ер адамды анықтап, оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін ТЖД қызметкерлеріне тапсырды. Әрі қарай тексеру барысында кіші көлемді кемелерді пайдалану ережелерін өрескел бұзудың үш фактісі анықталды: гидроциклді басқару құқығы жоқ адамға беру, тиісті куәліксіз гидроциклді басқару, сондай-ақ құтқару кеудешесінсіз су көлігін пайдалану. Анықталған барлық фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.

    «Гидроцикл иесіне және басқару берілген адамға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі және 582-бабының 5-бөлігі бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

    Полиция профилактикалық рейдтер жазғы маусым бойы жалғасатынын мәлімдеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының кез келген бұзылуы дереу тоқтатылып, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Құтқарушылар кіші көлемді кемелер иелеріне судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және су көлігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қажеттігін еске салды.

    Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы бірі жарақат алып ауруханаға жатқызылған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →