Алматы тұрғыны телефонынын қуаттағышта қалдырамын деп опық жеді
Фото: видеодан скрин
Алматыда тұрғынның түнде қуаттауға қойған телефоны сағат 03:00 шамасында кенеттен жарылып, үй ішін күйген иіс пен түтін басып кетті.
Смартфон иесі құрылғыны тоқтан ажыратамын деп қолын күйдіріп алған. Мұндай сұмдыққа арзан әрі түпнұсқа емес қуаттағышты пайдалану мен үш жылдан бері қолданыста жүрген ескі құрылғы себеп болған. Мамандар түнде телефонды қараусыз қуаттауға қалдыру өмірге өте қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан тек сертификатталған түпнұсқа зарядканы қолданып, зақымданған батареядан уақытылы арылған жөн.
Басыңызға мұндай қауіп төнбес үшін қазірден бастап қауіпсіздік ережесін берік ұстаныңыз.
