Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды 23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі Зеленский АҚШ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесті «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды

    23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі

    23 шілдеде Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс облыстарында нөсер, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Оңтүстікте ыстық пен өрт қаупі сақталады.

    23 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі

    Сурет: tengrinews.kz

    23 шілдеде Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс облыстарында нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Оңтүстікте ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары болмақ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Астанада уақытша жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

    Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді.

    Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысында күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда өте қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, солтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз оңтүстікте екпіні 15 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысында күндіз солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, оңтүстікте, орталықта аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күндіз батыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстікте, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

    Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық 38-40 градус болады. Солтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысында күндіз батыста, оңтүстікте қатты ыстық 35-36 градус күтіледі. Батыста, шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, солтүстікте, оңтүстікте, таулы аудандарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда уақытша жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Атырау облысында күндіз қатты ыстық 35-39 градус күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық 36-38 градус болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с.

    Абай облысында түнде солтүстікте, оңтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстікте, оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің солтүстікте, оңтүстікте, орталықта жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Жетісу облысында солтүстікте, батыста, оңтүстікте, орталықта, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарда уақытша қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің шығыста, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с, шығыста 23-28 м/с. Солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста, солтүстікте қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күндіз батыста екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық 35-38 градус болады. Батыста, оңтүстікте жоғары өрт қаупі, оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз қатты ыстық 35 градус.

    Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, батыста, солтүстікте, оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің батыста, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с, уақытша 23-28 м/с. Оңтүстікте, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, уақытша қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, уақытша 23-28 м/с.

    Қостанай облысында солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Батыста, шығыста, орталықта жоғары өрт қаупі, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысында батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің солтүстікте, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда таңертең және күндіз уақытша жаңбыр, найзағай күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында солтүстікте, оңтүстікте, шығыста қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болады. Солтүстіктен соғатын желдің солтүстікте, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Петропавлда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болады. Солтүстіктен соғатын желдің күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Қызылорда облысында күндіз оңтүстікте жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →