Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҰБТ-ға өтініш беру қашан басталады? Миллиондарға алған пәтер қақ айрылды: BI Group-тың жаңа тұрғын үйіндегі жарықшақтар жұртты шошытты «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? ҰБТ-ға өтініш беру қашан басталады? Миллиондарға алған пәтер қақ айрылды: BI Group-тың жаңа тұрғын үйіндегі жарықшақтар жұртты шошытты «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек?

    ҰБТ-ға өтініш беру қашан басталады?

    ҰБТ-ға өтініш беру қашан басталады?
    Фото: Pixabay

    25 шілдеде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш қабылдау басталып, 5 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

    Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

    Тамыз ҰБТ-сы жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін тестілеуді қайта тапсыруға ниетті талапкерлерге арналған. Алдыңғы ҰБТ-ларда шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өту мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар алдыңғы ҰБТ-ларға қатысқан талапкерлер тамыз ҰБТ-сына өтініш беру кезінде бейіндік пәндер комбинациясын өзгерте алады.

    Өтініш беру барысында тестіленушілер ҰБТ өтетін пунктіні, күнді және уақытты өздері таңдайды.

    -Тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері), шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, басқа білім беру бағдарламаларынан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданған тұлғалар қатыса алады,-делінген хабарламада.

    Сонымен қатар өз мамандығы бойынша жоғары оқу орнында ақылы негізде білімін жалғастыруды жоспарлаған колледж түлектері әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түсе алады. Бұл жағдайда қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →