Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды

    Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек

    Бектенов: Қазақстан өз автомобиль брендтерін дамытуы керек

    Фото: Үкімет

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында локализациялау қарқынын арттыру, оның ішінде жеке автокөлік брендтерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл экономиканың дамуы үшін де, Қазақстанның беделін арттыру тұрғысынан да маңызды. Премьер-министр отандық автомобиль болат өндірісін игеру жобасының стратегиялық маңыздылығын баса айтты.

    «Негізгі міндет – құнның барынша көп бөлігін ел ішінде сақтау үшін локализациялау деңгейін барынша тереңдету. Мемлекеттік қолдауы және бизнестің белсенді қатысуымен осы бағытта, соның ішінде өзіміздің автомобиль брендтерімізді дамыту бойынша жүйелі жұмыс істеуіміз керек. Бұл экономика тұрғысынан да, еліміздің беделін арттыру тұрғысынан да өте маңызды. Біз бірлесіп жақсы нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Автомобиль болаты өндірісі стратегиялық маңызға ие. Біздің мүмкіндіктеріміз бола тұра, ондаған жылдар бойы елімізде автомобиль болаты өндірісін жолға қоя алмағанымыз таңғалдырады. Сондықтан бұл (автомобиль болаты өндірісі бойынша) жобаны, сондай-ақ Qarmet компаниясын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын қолдаймыз. Мұнда болат зауыты мен автомобиль өнеркәсібі арасында тиімді ықпалдастық қалыптасып отыр. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Премьер-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →