Елімізде жылына 100 мың автокөлік шанағын шығаратын өндіріс іске қосылады
Фото: gov.kz
Қазақстанда отандық болатты пайдалана отырып, жеңіл автомобильдер үшін штамптау өндірісінің толық циклін игеру жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында «Allur» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев мәлімдеді.
– деді Андрей Лаврентьев.
Оның айтуынша, 2028 жылы Qarmet жеңіл автомобиль өндірушілерінің талаптарына сәйкес келетін автомобиль парағын шығаруды жоспарлап отыр. 2029 жылы оның негізінде шанақ бөлшектерін сериялық өндіру басталады. Жобалық қуаттылығы жылына кемінде 100 мың шанақты құрайды, ал олардағы қазақстандық болаттың үлесі кемінде 75% болады.
