Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Каннабис қаматты: Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген адам 16 жылға сотталды Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды

    Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты

    Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты

    Фото: Pixabay

    «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 21-23 шілде аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Синоптиктердің мәліметінше, аталған кезеңде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

    Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кейбір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

    Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30 °C, орталығы мен шығысында +22…+35 °C болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде де ауа температурасы +27…+35 °C-қа дейін төмендейді. Ал Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен еліміздің батысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+42 °C болады, – деп мәлімдеді «Қазгидромет» мамандары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →