Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    «Ризамын, аман болыңыздар»: Димаш Құдайбергенннің анасы шығыстың жұртына алғыс білдірді

    Фото: instagram / sveta_aitbaeva73

    Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева Алтай өңірінде өткен ауқымды шара туралы пікір білдірді. Ол ұлына қолдау білдірген шығыс қазақстандықтарға ерекше ризашылығын айтты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті.

    «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне келіп, Димаштың концертін көріп, халықтың даладай дархан пейілі не риза болып елімізге қайтып барамыз. Түркі әлемінің тұтастығын әйгілеген мұндай деңгейдегі фестиваль, мойындау керек, Астана мен Алматыда жоқ, табиғаты кіршіксіз Катон Қарағайдың төрінде өтіп жатыр!», — деді Димаштың анасы.

    Өнер иесінің сөзінше, шырайлы шығыстың аспанын түркі әлемінің өнерпаздары ән-күйге бөлеп, елу мыңнан астам адам жиналған.

    «50 000-нан аса жиналған халық өнерлі жастарды қошеметке бөлеген тамаша кеш болды. Осындай әсерлі сәтте Димаштың да ел алдына шығып  ерекше әсерленіп, шабыттана шырқаған әндерін тік тұрып тыңдаған ағайынға шын жүректен ризашылығымды білдіремін, аман болыңыздар! Тамаша табиғат, жайлы ауа райы, керемет ұйымдастыру жұмыстары бәрі-бәрі естен кетпестей әсер қалдырды», — деп жазды Света Айтбаева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →