Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Испания құрамасы Францияны ойсырата жеңіп, финалға шықты (ВИДЕО)

    Испания құрамасы Францияны ойсырата жеңіп, финалға шықты (ВИДЕО)

    Фото: Selección Española Masculina de Fútbol

    Испания құрамасы Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өткен матчта Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңді.

    Испания сапынан Микель Оярсабаль пенальтиден есеп ашса, Педро Порро екінші голдың авторы атанды.

    Осылайша Испания құрамасы 16 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Финалда олар Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

    Ал Франция құрамасы соңғы үш әлем чемпионатынан бері алғаш рет финалға шыға алмай қалды. Енді олар қола жүлде үшін ойын өткізеді.

    Айта кетейік, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам әлем чемпионаттары тарихында бас бапкер ретінде ең көп матчқа (26 ойын) қатысқан маман атанды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →