Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 13 шілде 2026 $ 471,3 538,0 6,15 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр? Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды СҚО-да бұрын зорлағаны үшін сотталған ер адам әйелге қайта шабуыл жасады Қазақстандық суретші әлемдік киножұлдызға ерекше сыйлық берді «Халық партия бағдарламасына мән бере бастады»: Үнзила Шапақ саяси өзгерістер туралы айтты Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр Қарашөкеев басқаратын өңірдегі Жайсаң-6 тұрғындары неге зарығып отыр? Америкалық UFC жұлдызы Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды СҚО-да бұрын зорлағаны үшін сотталған ер адам әйелге қайта шабуыл жасады

Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр

Қарағандыда «GazOil» жанармай орнына су құйып жатыр

Фото: видеодан скрин

Қарағанды қаласындағы Штурманская көшесі, 20/1 мекенжайында орналасқан «GazOil» бекетінен жанармай орнына су араласқан сапасыз отын құйылды деген ақпараттан кейін жүргізушілер жаппай шағымдана бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Бекеттен шыға беріп, көліктері оталмай, «Check Engine» белгісі жанып, моторы істен шыққан халық ашынып отыр. Сапасыз өніммен тұрғындарды шығынға батырған GazOil желісі әлі күнге дейін ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Ең сорақысы — аймақтағы өнім сапасы мен халықтың құқығын қорғауға тиіс өңір әкімдігі бұл бассыздыққа көз жұма қарап, тағы да дәрменсіз үнсіздік танытып отыр. Жергілікті биліктің мұндай бақылаусыздығы мен салғырттығы қарапайым халықтың қалтасын қағып, наразылықты одан сайын өршітті.

Шығынға батқан жүргізушілер енді қымбат жөндеу жұмыстарын өз мойнына алып, құзырлы органдардан жауап талап етпек. Видео: @v_krg

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →