Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    СҚО-да бұрын зорлағаны үшін сотталған ер адам әйелге қайта шабуыл жасады

    СҚО-да бұрын зорлағаны үшін сотталған ер адам әйелге қайта шабуыл жасады
    Фото: freepik

    Белгісіз ер адам 54 жастағы әйелге шабуыл жасап, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алайда әйел қарсылық көрсетіп, қолынан сытылып шығып, көшеде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған.

    Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ол – облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    – Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген баспасөз хабарламасында.

    Күдікті бұған дейін аса ауыр қылмыстар: қарақшылық, өлтіру қатерін төндіре отырып, ерекше қатыгездікпен зорлау, сексуалдық зорлық-зомбылық әрекетті кәмелетке толмаған балаға қатысты жасау үшін сотталған. Ол 1999 жылғы 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының үкімімен бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған.

    Жазасын толық өтеген ер адам 2024 жылғы 12 қаңтарда №51 мекемесінен босатылған. Кейін Айыртау аудандық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы қаулысына сәйкес оған соттылығы жойылғанға дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген.

    Полицейлер қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтып, күдіктінің кінәсі сотта дәлелденгенге дейін ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәсіз деп есептелетінін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →