Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады
Иран Хаменеиді жерлегеннен кейін АҚШ базаларына жаңа соққылар жариялады, Ормуз бұғазын бақылауда ұстап отыр.
фото: ИИ
Иранда Али Хаменеиді жерлеу рәсімі аяқталған соң, Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ-тың әскери базаларына жаңа соққылар жасалғанын мәлімдеп, Ормуз бұғазын толық бақылауда ұстап отырғанын қайталады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Хаменеи Мешхедтегі Имам Реза кесенесінде жерленді. Қоштасу рәсімі алты күнге созылып, Иран мен Ирактың бірнеше қаласында өтті. Соңғы күні мыңдаған режим жақтастары көшеге шықты.
Бейсенбіде КСИР Иорданиядағы Әзрак әуе базасына он баллистикалық зымыранмен соққы берілгенін, сондай-ақ Кувейт, Катар және Бахрейндегі АҚШ базаларына шабуыл жасалғанын хабарлады. Иордания сегіз зымыранды ұстап қалғанын мәлімдеді. АҚШ тарапының айтуынша, елеулі залал болмаған, әскери қызметшілер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.
CENTCOM бейсенбіге қараған түні екінші толқын соққылар кезінде АҚШ әскерилері Ирандағы 90-ға жуық нысанға шабуыл жасағанын хабарлады.
КСИР-дің мәлімдеуінше, Иран Ормуз бұғазын толық бақылайды және Тегераннан рұқсат алған кемелер үшін оны біртіндеп ашуда. Алайда қозғалыс әлі де шамалы: Kpler деректері бойынша, тәулік ішінде бұғаздан 23 кеме өткен (бір апта бұрын 47 болған).
Еске салайық, бір күн бұрын АҚШ Иранға жаңа соққылар жасап, оны Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау қажеттілігімен түсіндірген еді. Тегеран өз шабуылдарымен жауап берді. Трамп бұл операцияны «кемелерді бомбалау үшін кек» деп атады.
Елдер арасындағы келіссөздердің жаңа раунды 11 шілдеде Пәкістанда жоспарланған.
