Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Астанада автобустың қатысуымен сұмдық оқиға тіркелді (ВИДЕО) •

    Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ

    Қазақстан бензин мен дизель отынын экспорттауға қойылған тыйымды ұзартпақ

    Фото: © istockphoto.com

    Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауға қойылған шектеуді ұзартуы мүмкін. Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

    Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және жекелеген мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен ел аумағынан шығаруға тыйым салу ұсынылып отыр.

    Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жөнелтілетін жеткізілімдерге де қатысты болады.

    Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым енгізу жоспарланған.

    Ұсынылып отырған шектеулер алты айға есептелген.

    Сонымен бірге бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Тыйым гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілетін жүктерге және Қазақстан Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылатын экспортқа қолданылмайды.

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтуға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →