Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО)

«Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ

«Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ

Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік нысандардың әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаны іске асыруға кірісті. Әкімшілік-тұрмыстық корпустарды, медициналық пункттерді, жатақханаларды, асханаларды, жуынатын бөлмелерді, зертханалар мен өзге де нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама компанияның жұмыскерлер үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бағдарлама Жезқазған, Балқаш, Қарағанды және Шатыркөл өндірістік кешендерін қамтиды. Жалпы алғанда, кәсіпорын жұмыскерлері күн сайын пайдаланатын 80-нен астам нысанды жаңарту көзделген.

Қазіргі уақытта кәсіпорындарда бағдарламаның дайындық кезеңі аяқталуда. Бұл кезең мердігер ұйымдарды жұмылдыруды, құрылыс материалдарын жеткізу мен нысандарды монтаждау жұмысына дайындауды қамтиды.

Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi кешенінде 38 нысанды жаңарту жоспарланған. Қазіргі таңда Жезқазған байыту фабрикасының медициналық пункті мен МЭЖБ-ның әкімшілік-тұрмыстық корпусында жөндеу жұмысы басталды. Ал қалған нысандарда жөндеуді бастауға дайындық аяқталуға жақын.

Balkhash Tau-ken óndirisi өндірістік кешенінде жөндеу жұмысы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында, оның ішінде, МЖМБ-ның әкімшілік-тұрмыстық корпусында және Саяқ кенішінің асханасында жүзеге асырылады.

Nurqazgan Tau-ken óndirisi алаңында Нұрқазған кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусына жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Qaragayly Tau-ken óndirisi өндірістік кешенінде бағдарламаның дайындық кезеңі жүзеге асырылуда. Оның аясында Абыз және Қажықонған кеніштерінде, сондай-ақ Қарағайлы байыту фабрикасында жөндеу жұмысын бастауға дайындық жүріп жатыр.

Shatyrkol-Jaysan Tau-ken óndirisi өндірістік алаңында мамандар мен қажетті ресурстар жұмылдырылуда. Бұл алдағы уақытта жоспарланған жөндеуді бастауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Дайындық кезеңі аяқталған соң барлық көзделген нысандарда жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен басталады.

Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту Қазақмыстың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Компания жайлы тұрмыстық орта өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың және жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттырудың маңызды факторы ретінде жұмыскерлер үшін заманауи еңбек жағдайын қалыптастыруға тұрақты түрде инвестиция салып келеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика