Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады

ХАМАС Газадағы азаматтық билікті тәуелсіз комитетке беруге дайын, бірақ қарулы қанаты сақталады. Израиль қарусыздандыруды талап етеді.

ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады

Фото: Omar Ashtawy apaimages/SIPA, Omar Ashtawy apaimages/SIPA

2007 жылдан бері Газа секторын басқарып келген ХАМАС ұйымы енді азаматтық билікті тапсыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы саудиялық Asharq Al-Awsat және Al Hadath басылымдары хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

ХАМАС бұған дейін Газадағы денсаулық сақтау, білім беру, полиция және басқа да мемлекеттік қызметтерді өз әкімшілігі арқылы жүргізіп келген. Ұйымды Еуропа Одағы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Аустралия террористік деп таныса, Ресей, Түркия, Иран, Қытай және Қазақстан мұндай айдар тақпаған.

Қазіргі жоспар бойынша, ХАМАС өз үкіметін таратып, азаматтық басқаруды тәуелсіз технократтар комитетіне береді. Бұл комитет шамамен жарты жыл бұрын АҚШ ұсынған атысты тоқтату бастамасы аясында құрылған және оны доктор Әли Шаат басқарады. Құрамға палестиналық саяси күштердің өкілдері мен тәуелсіз мамандар кіреді.

Алайда ХАМАС толығымен биліктен кетпейді. Ұйымның қарулы қанаты мен әскери құрылымы сақталады. Бұл тек азаматтық басқаруды өзгерту туралы. Ең күрделі мәселе – Газадағы атыс. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху: «ХАМАС қаруын тастамайынша, Газаны қалпына келтіруге мүмкіндік бермейміз», – деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Израиль әскері Газадағы қауіпсіздік белдеулерін сақтайтынын айтты.

ХАМАС бұған келіспейді. Ұйым қарудан бірден бас тартпайтынын, бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу керектігін, сондай-ақ Израиль әскерінің Газа секторынан толық шығуын талап етеді. Израильдік Kan телеарнасының мәліметінше, ХАМАС келіссөздерді әдейі созып отыр, себебі Нетаньяху да алдағы сайлауға байланысты маңызды шешім қабылдауға асықпайды.

Тағы бір күрделі мәселе – ХАМАС әкімшілігіндегі шамамен 50 мың мемлекеттік қызметкердің тағдыры. Олардың жаңа комитетке қабылданатыны немесе жұмыстан шығарылатыны әлі белгісіз. Бұл келіссөздердің ең даулы тақырыптарының бірі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика