Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды •

    Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін

    Қазақстанда 2026 жылдың 1 тамызынан 31 желтоқсанына дейін алма әкелуге уақытша тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл отандық өндірушілерді қолдау мақсатында жасалмақ.

    Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін

    Сурет: kaztag.kz

    Қазақстанда 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында алма импортына уақытша тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, Қазақстан аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автомобиль, су және теміржол көлігімен алма (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды: 0808 10) әкелуге тыйым салынады. Алайда, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен екінші мемлекетке Қазақстан аумағы арқылы өткізу жағдайлары ерекшелік болып табылады.

    Министрліктің болжамынша, бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →